Ат тергеу дәстүрі деген не?



 Келін сыны- ат тергеу

      Қазақ халқының ат тергу  дәстүрін келіндер атқарады. Бұл келіндердің үлкенге көрсеткен үлкен өнегелі  құрметті болып саналады және келінің ибалы, иманды, арлы, ақылды, көргенді, білімді келін екенін  көрсетеді. Келінің текті жерден шыққаны, жөн-жосынды білетіні  сол ат тергеу дәстүрін толық атқаруынан аңғарылады. Бұл дәстүрде келіндерге ата-ене, қайын жұрт, туыстар мен ауыл адамдарымен қарым-қатынаста ерекше құрмет көрсетуді талап етеді.

            Ат тергеу дәстүрі деген не?

      Ат тергеу — қазақ келіндерінің қайын жұртындағы үлкендерге және туыстарға олардың есімдерін атамай, ерекше атау қою дәстүрін- “Ат тергеу” деп атайды. Бұл дәстүр келіннің ата-енеге, қайын жұртқа құрметін білдіреді. Әдетте келін өз қайын жұртындағы үлкен-кіші, ер-әйел, қыз-жігіттердің атын тіке атамай, оларға лайықты жарасымды ат қойып тергеп, басқаша жанама атаулармен атайды. Бұл келіндер атқаратын өте өнегелі дәстүр.

             Ат тергеу қалай жүзеге асады?

       Ат тергеу – қазақтың ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туыс-туғандарының атын турасынан атамай, оған лайықты ат, жарасымды есім тауып қояды. Мысалы Аюбай болса – Қорқытбай деп, Қасқырбай болса – Ұлыма, Түлкібай болса – Қулықбай, Қайрақбай болса – Жаныма, Қозыбай болса – Маңырама, Тышқанбай болса – Қаптесер деп атаған. Қазақ келіндерінің иба сақтап, ұяла жасқанып, өздеріне жанай қойған атын, есімін «ат тергеу» деп атаған

       Ат тергеу кезінде келіннің әрбір отбасы мүшесіне жеке беоген атауынан, келіннің тапқырлығы, сөйлеу мәдениеті және отбасылық қарым-қатынастарға, білімділігі мен сақтаған ибаллы іс-әрекеті  сыналады.       

      Егер, ол келін қайын жақтағы туыстарына жарасымды ат тауып айта алмай, аузына келген атаумен атаса, не аттарын тікке айтып шақырса, ол келін сынақтан өтпей “Көренсіз келін”, “Әдепсіз келін-ұятсыз келін” аталып бүкіл ауылдың үлкендерінен сын естиді.

               Ат тергеудің маңызы

       Ат тергеу дәстүрі бірнеше маңызды функцияларды атқарады:

      1. Құрмет көрсету:

      Келіннің қайын жұртқа құрметпен қарауы.

      2. Әдептілік:

      Келіннің өз ортасында әдепті, сыпайы болуын қамтамасыз етеді.

     3. Отбасы байланысын нығайту:

     Отбасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға, берік және сыйластыққа негізделген байланыстарды қалыптастыруға көмектеседі.

     4. Тәрбиелік мәні:

     Бұл дәстүр арқылы жас ұрпақты үлкендерді сыйлауға, әдептілікке, мәдениетке тәрбиелейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

       Ат тергеу дәстүрі қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл дәстүр келіндердің отбасындағы орнын айқындап, олардың үлкендерге деген құрметін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мынау жаһандасыу дәуірінде, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің бірден-бір жолы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *