1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан қаласында балалардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған «Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалі табысты аяқталды. Екі күнге созылған ауқымды өнер додасы Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтті. Фестиваль аясында ән, би, сурет, терме және драма жанрлары бойынша өңіріміздің әр аудан, қалаларынан келген 9–15 жас аралығындағы талантты өрендер бақ сынады.
1950 жылдан бастап жыл сайын 1 маусым күні аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күні – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды махаббат пен қамқорлыққа бөлеуге бағытталған маңызды мереке. Бұл күн – әрбір баланың амандығы, білім алуы, шығармашылықпен айналысуы мен бақытты өмір сүруі үшін қоғамның барлық саласының бірігуі қажеттігін еске салады.
Осыған орай, Түркістанда ұйымдастырылған «Балтаңдай» фестивалі – тек өнер додасы ғана емес, балалардың еркін ойлауы мен өзіндік көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін шығармашылық алаң болды. Мұнда олар тек өнер көрсетіп қана қоймай, өз қабілеттерін дамытуға, достар табуға, сахналық мәдениетті бойға сіңіруге мүмкіндік алды.
Фестивальдің басты мақсаты – өнерге бейімі бар жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, талантын көпшілікке таныту, рухани дамуына жол ашу. Байқау барысында қатысушылардың сахналық мәдениеті, орындаушылық қабілеті, тақырыпты ашу деңгейі мен көркемдік мазмұнына баса назар аударылды.
Фестивальде әр жанр бойынша кәсіби, білікті қазылар алқасы төрелік етті. Олар қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахналық мәдениетіне, көркемдік мазмұны мен тақырыпты ашу деңгейіне жіті мән берді.
ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ:
Эстрадалық ән жанры:
Бас жүлде: Елдос Бақдәулет (Түркістан қаласы)
1 орын: Талдыбай Райана (Шардара ауданы)
2 орын: Түгелбай Ақторғын (Түркістан қаласы), Рахым Тоғжан (Бәйдібек ауданы)
3 орын: Сейілбаев Нұрасыл (Сайрам ауданы), Мұстапа Рахым & Айдархан Нұрайым (Түркістан қаласы)
Би жанры:
Бас жүлде: «Ақкербез» үлгілі би ұжымы (Сайрам ауданы)
1 орын: «AKA Dance» би ұжымы (Түркістан қаласы)
2 орын: «Таңшолпан» би ұжымы (Қазығұрт ауданы), «Ханшайым» би ұжымы (Түлкібас ауданы)
3 орын: «Жұлдыз» би ұжымы (Сайрам ауданы), «Ай-Тұмар» би ұжымы (Сауран ауданы)
Сурет жанры:
Бас жүлде: Серік Каусар (Созақ ауданы)
1 орын: Айым Нұрболқызы (Кентау қаласы)
2 орын: Әмірхан Айару (Арыс қаласы), Мұхамедярова Айдана (Сарыағаш ауданы)
3 орын: Нұрмаханбет Інжу (Сайрам ауданы), Есімхан Айсұлу (Түркістан қаласы)
Драма жанры:
Бас жүлде: «Жас толқын» балалар театры (Ордабасы ауданы)
1 орын: Әшір Ниязмұхамбет (Сарыағаш ауданы)
2 орын: «AKA» балалар театры (Түркістан қаласы), «Шабыт» балалар театры (Шардара ауданы)
3 орын: «Балалық шақ» балалар театры (Келес ауданы), «Жас тілші» драма үйірмесі (Сайрам ауданы)
Терме жанры:
Бас жүлде: Қуанышәлі Нұрасыл (Отырар ауданы)
1 орын: Серікғали Мейірлан (Арыс қаласы)
2 орын: Ғалымжанұлы Мағжан (Мақтаарал ауданы), Момиш Алмаз (Жетісай ауданы)
3 орын: Абай Ахат (Түлкібас ауданы), Абдикадир Нүркен (Шардара ауданы)
Арнайы жүлделер барлық жанрда ерекше көзге түскен қатысушыларға табысталды.
Өнердің болашағы – бүгінгі балада. Фестивальдің жоғары деңгейде өтуі – балалар шығармашылығын қолдауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Бұл бастама өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық болмыс пен өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруға үлес қосары сөзсіз. «Балтаңдай» фестивалі – талантты балалар үшін үлкен шабыт, ал олардың әрбір жеңісі – руханиятымыздың, өнеріміздің болашағына салынған негіз.
Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының әдіскері
Гауһар ЖОЛДАСБЕКОВА
