ЕЛІМІЗДЕ СУ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНДІ



Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, бұл құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» және «экологиялық ағын» деген жаңа ұғымдар енгізілді.

Жаңа кодекс су ресурстарын басқарудың бас және бассейндік жоспарларын әзірлеуді көздейді. Бұл жоспарларда судың болашағы мен болжамдарына қарай нақты мақсаттар, міндеттер мен шешу жолдары анықталады.

Су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді.

Су объектілерін қорғау бойынша талаптар артты. Ең алдымен шағын өзендер мен көлдерге баса назар аударылған. Атап айтқанда, енді шағын өзендерге тұйық бөгеттер салуға болмайды. Сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтар да арнайы қорғауға алынады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары туралы жеке тарау бар. Су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес бойынша орталық және жергілікті биліктің міндеттері нақты бөлінді.

Бұдан басқа су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда пилоттық режимде төрт модуль сәтті жұмыс істейді: «Әкімшілік», «Су пайдалану», «Трансшекаралық су» және «Картография».

Суды үнемдеуді ынталандыратын жаңа тетіктер күшіне енеді. Ауыл шаруашылығындағы судың шығынын азайту мәселесі қарастырылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *