Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонын көріп шықты. Ақорда мәліметінше, вагондар қатаң климаттық жағдайға негізделіп жасалған. Қолдану мерзімі – 40 жыл. “Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы қиын жолаушылар үшін арнаулы вагондар шығарады. Биыл 51 вагонды, ал 2030 жылға дейін 557 жаңа вагонды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ұлттық тасымалдаушының вагон паркін толығымен жаңартуына мүмкіндік береді. Өндірісті локализациялауға қазақстандық кәсіпорындар тартылған”, – делінген хабарламада.