Қазақстанда 1 маусым — «Балаларды қорғау күні» мемлекеттік мереке ретінде бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. «Балаларды қорғау күнін» мемлекеттік мереке ретінде белгілеуге қатысты — «Халықаралық балаларды қорғау күні» дәстүрлі түрде 1 маусымда атап өтіледі. Бұл күні көптеген елде балалардың өмірін жақсартуға бағытталған қайырымдылық акциялары өткізіледі, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету тақырыбындағы маңызды және өзекті мәселелер талқыланады, бүкіл әлем балаларының алдында тұрған өткір проблемалар көтеріледі. Балалардың өздері үшін 1 маусым демалыстың басталуымен, демалу, көңіл көтеру, қызықты істермен айналысу мүмкіндігімен байланыстырылады.