«Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан құрамасын футболдан Әлем чемпионатына жолдама алуымен шын жүректен құттықтады. «Бұл – өзбек футболының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның жарқын жеңісі. Өзбек бауырларымыз үшін мақтанышпен қуанып отырмыз. Сіздерге жанкүйер боламыз!» – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысының бұл лебізі — ортақ мәдениет пен туыстыққа құрметтің, бауырлас елдер арасындағы берік достықтың айқын көрінісі. Қазақстан Өзбекстан футболшыларына тек сәттілік тілеп қана қоймай, бүкіл ел болып қолдайтынын білдірді.