Мереке мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін және халыққа қызмет көрсетуін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескруге және атап өтуге арналған. Бұл атаулы күнді атап өту дәстүрі 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні ретінде белгілеу туралы қарар қабылдағаннан кейін басталды. 2013 жылы Қазақстанда да бұл мереке ресми түрде енгізілді. Тиісті Жарлыққа Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. 2014 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіле бастады.