Софияда (Болгария) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ақмарал Ерекешева жарыс жеңімпазы атанды.
Гимнаст үш финалға да бірінші орынмен өткен болатын. Ол қатысқан барлық финалда жүлдеге ілікті. Оның еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар. Алдымен Ерекешева доппен орындалған жаттығуда үздік атанды. Кейін таспамен өткен финалда да жеңіске жетті. Ал шығыршықпен орындалатын жаттығуда ол екінші орынға ие болды.