
Қазақ өнерінің негізін қалаушылардын бірі, әнші және халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова атындағы алғашқы жеке креативті мектептің ашылуы өтті. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Халық әртісі және опера әншісі Бибігүл Төлегенова, мектептің бас құрылтайшысы және Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты. 2024 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ вокал өнер иесі атындағы шығармашылық мектебі -инновациялык білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы — әр түрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу «Music» факультеті аясында іске асады.
Димаш Құдайберген мен Арманжан Байтасов болашақ оқушыларды Білім күнімен құттыктап, өскелең ұрпақтың еліміздің дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Данияр Өмірбекұлы