
Мемлекеттік кірістер комитеті 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларицияны жаңартудың аяқталғанын хабарлады.
Айта кетейік, Қазақстан бірнеше ай бойы декларацияны жаңартумен айналысты. Нәтижесі: құжаттан бірнеше тармақ алынып тасталды.
-төлем көзінен салық салынатын табыстар: жалақы, зейнетақы, стипендия, депозиттер бойынша сыйақы және табыстың өзге де түрлері;
-Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу, иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпарат;
-мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер.
Соңғы екі тармақ тек қарапайым азаматтарға қатысты. Шенеуніктер мен оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары кез-келген жағдайда сатып алынған мүлік туралы есеп беруге және салық органдарына бұған ақшасының қайдан келгенін түсіндіруге міндетті.
Оспанова Динара