
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауы кезінде 2025 жыл жұмысшы мамандықтары жылы болатынын жариялады.
Тоқаев осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін алға тартты.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан, біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез-келген еңбек қадірлі,» — деді ол.