
Бүгіннен бастап облысымыздың 824 отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайы тексеріледі. Бұл — Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қоры дайындаған Халықаралық зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсаты — әйелдер мен балалар денсаулығын, білімін, тұрмыс жағдайын нақтылау. Ұлттық статистика бюросы облыс тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арнайы зерделеу үшін 824 отбасыны арнайы таңдаған.
Қазіргі таңда Юнисеф өкілдері мен статистик мамандар аудан аралауды бастап кетті. Отбасы мүшелерімен арнайы сауалнама жүргізіледі. Нәтижесінде отбасы әл-ауқат кқрсеткіші халықаралық деңгейде зерттеліп, әр салада жұмыстар атқарылады деп күтілуде.
