Үкімет отырысында премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысты енгізілген өзгерістер жайлы айтты деп хабарлайды «NUR.KZ»
Денсаулық сақтау саласындағы негізгі өзгерістер халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлеміне қатысты болады.
Тамара Дүйсенова: «Кепілдендірілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды көздейтін заң жобасы дайындалды. Бұл ретте қалыптастырылатын пакет қор жасаудың тиісті деңгейін талап етеді. Осыған байланысты жобада жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да қарастырылады. Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасын әзірледі. Оны осы айдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр», — деп атап өтті.