Республика көлемінде 5-7 қыркүйек аралығында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталмақ.

Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері еліміздің барлық аймақтарында жауын жауып, найзағай күтілуде. Солтүстік пен Шығыс Қазақстан аумағында нөсер жаңбыр жауса, еліміздің батысы мен солтүстік батысында антициклон әсерінен жауынсыз ауа-райы сақталмақ. Ал, еліміздің шығыс аймағында қалың тұман күтіледі.

Республика көлемінде күшті жел соғып, таңертеңгі уақытта топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады деп болжанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *