Испанияда Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті деп хабарлайды DEREK. ақпарат агенттігі Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
87 кг салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатында армениялық Рубен Геворгянды жеңсе, 55 кг салмақта Айбек Айтбеков грек-рим күресінен сынға түсіп, үшінші орын иеленді. Ол кіші финалда молдавалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді.