Халықаралық кинологиялық федерация тазыны ресми түрде Қазақстандық тұқым ретінде мойындады.
Комитет тазыны қазақ тұқымы ретінде халықаралық деңгейде тіркеуге маңызды қадам жасады. Бұл ақпарат ҚР Президенті істері басқармасының сайтында жарияланды.
«Бүгін сіздің еліңіз және біз үшін тарихи күн. FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ процедурадан кейін тұқымды қабылдауды Бас комитетке ұсынды. Құттықтаймын! Алда 10 жыл істелетін жұмыс күтіп тұр. Осы уақытта тазылардың денсаулығы бойынша сынақтар өткізіп, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жасалады. Бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясына керек. Иттердің денсаулығы мен әл-ауқаты қазір ең маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тұқымның дамуын қадағалайтын болады»- деді FCI президенті Тамаш Яккел.