Елордада дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Қазақстанның әр өңірінен жиналған шеберлер алып құрақ көрпе тігіп, әлем рекордын орнатты.
«8 қыркүйекте сағат 13.00-де ерекше бірегей іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер алып құрақ көрпе тікті. Осылайша дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды», — деп хабарлады дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметінің өкілдері.