Отбасы ұлттың тірегі



Бүгін облыс орталығында №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 8 қыркүйек — Отбасы күніне орай «Отбасылық демалыс-бақытты болашаққа инвестиция» отбасылық сайысы ұйымдастырылып өтті.

Сайыста түркістандық 4 отбасы бақ сынады. Олар өздерінің отбасын таныстыру рәсімі мен түрлі спорттық сайыстар арқылы сыналды.

Спорттық шараның ашылуында Түркістан қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат сөз алып, шараның мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Отбасылық сайыстың нәтижесі

1-орын Жұмахановтар әулеті

2-орын Құдайбергеновтар әулеті

3-орын Тұптыбаевтар мен Мадалиевтар отбасы иемденді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *