Елімізде өмір бойы жәрдемақы қандай аналарға берілетіні айтылды



Қазақстанда кей көпбалалы аналар мемлекеттен өмір бойы жәрдемақы ала алады. 2024 жылы мұндай аналардың саны 238 мыңға жетті.

-Кімдер өмір бойы жәрдемақы ала алады

Әдетте көпбалалы отбасылар балалары кәмелеттік жастан асқан соң жәрдемақы алмайды. Алайда елімізде өмір бойы мемлекеттен көмек алуға құқы бар аналардың жеке санаты бар.

Мәселен, «алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға сәйкес, бірінші белгі жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеген аналарға, ал екінші белгі алты бала туған аналарға беріледі. Бұрын мұндай әйелдерге «Батыр ана» атағы немес «Ана даңқы» ордендерінің 1 және 2 дәрежесі берілетін еді.

Мұндай аналар барлық баласы ер жетсе де, өмір бойы жәрдемақы ала алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл бұл жәрдемақыны 238 мың ана алады. Сонда жалпы сомасы 70 млрд теңге төлеу жоспарланған. Аталған төлемдер табыс көзіне қарамай төленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *