Азия чемпионатының финалына шыққан 9 отандасымыздың сегізі чемпион атанды. Араб Әмірліктің Әл-Айн қаласында бокстан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында боксшыларымыз 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдердің аға бапкері — Жақсылық Молдаханов. Назарларыңызға чемпиондар есімін ұсынамыз:
Досымбеков Абылай 35 келі, Оразбаев Бекхан 40 келі, Нұрмұхан Жұмағали 43 келі, Мұхит Әмір 46 келі, Оңалбек Нұрислам 52 келі, Жақсылық Әмдімәнсұр 55 келі, Қанатбай Төрехан 64 келі, Амантай Мансұр 70 келі.
Күміс жүлдегер: Алиимран Алиев 61 келі.
Қола жүлдегерлер: Әбдікамал Әли 33 келі, Жәдігер Мүсірәлі 70 келі.
