Тіл арқылы ауру түрін ажыратуға болады. Бұл жайлы DEREK.COM.KZ «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Терапевт Ольга Рублева тілдегі қабыршақтың әртүрлі түсте болатынын айтады. Маманның сөзінше, тілдегі қабыршақтың пайда болуына ас қорыту жүйесіндегі – гастрит, гастродуоденит, асқазандағы жара себеп болады. Бұл кезде тілдегі қабыршақ ақ немесе сұрғылт реңге боялады.
«Сары түсті қабыршақ гепатит пен холциститте, сұр немес қоңыр түсті қабыршақ инфекциялық процесс кезінде туындайды. Бұндай жағдайда температура көтеріліп, ағзадағы су деңгейі азаяды. Ақ түсті қабыршақ кандидоз – саңырауқұлақ инфекциясында туындайды. Тек тілде емес, ауыз қуысына тарайды. Ақ қабыршақ кезінде ауыздан жағымсыз иіс шықса, бқл тіс каризонындағы бактериялық инфекциядан болуы мүмкін», — деп қосты дәрігер.