КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: Бүгін ел намысын қорғайтындар.



Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 9 қыркүйекте бірнеше спортшымыз бақ сынайды. Бұл жайлы DEREK.COM.KZ «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көкпардан Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Монғолия және Түркия құрамалары жалпы 9 мемлекеттің спортшылары өзара бақ сынасады. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Этноауылда өтетін аударыспақ бойынша 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. Ел намысын Дарын Өткелбай, Сырым Ізбасаров, Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек және Біржан Қосалиев қорғайды.

Дәстүрлі садақ атудан 33 мемлекеттен 183 спортшы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде бақ сынасады. Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі.  Олар – Пута нысанасы 70/60 метр, Қалқан нысанасы 60/50 метр, Жамбы нысанасы 30 метр және командалық дода. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спотршы қатысады.

Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы бақ сынайды. Қазақ күресі спорт түрінен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Бүгін асық атудан сынға түсетін спортшылар жеребе тастау арқылы қарсыластарын анықтады. 12 мемлекеттен 39 спортшы бақ сынасып, өзара мықтыны анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *