ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ



Бүгін Түркістан қаласында орналасқан «Керуен-сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ұлттық нақыш пен заманауи технология үйлескен мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысып, спортшылар мен бапкерлерді дүбірлі доданың ашылуымен құттықтады. Облыс әкімі Халық ойындарының елдегі бұқаралық спортты дамытудағы маңызына тоқталып, Түркістан облысындағы спорт саласының жетістіктерін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *