ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ ЕКІ ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ



«Отбасы Банкі» 2025 жылдың басында «Ұмай» және «Жасыл ипотека» ипотекалық бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр», — деп хабарлады қаржы-несие ұйымының баспасөз қызметі. Банк несиені тұрғын үйді сатып алуға да, жөндеуге де алуға болатынын атап өтті. Алушылардың жеке баспанасы бар-жоғына қарамайды. Несиенің максималды сомасы 50 миллион теңге. Бастапқы жарна пәтер құнының 20%-нан басталады. «Ұмай» бағдарламасы бойынша өңірлерде тұрғын үй сатып алудың бастапқы жарнасы 15%. Жыл соңында салымдарын жыл бойы толықтырған банк салымшыларына сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы да беріледі. 200 АЕК-тен аспайтын сомадан 20% бонус алынады, яғни биылғы жағдай бойынша 738 400 теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *