ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАСШЫЛЫҒЫ ЕРБАЯН МҰХТАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ



Ұлттык ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов әскерде алған жарақатынан 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Derek.com.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайрат Үмбетовтің мәлімдеуінше, сарбаздың қазіргі жағдайы әскерде алған жарақатына қатысы жоқ. «Ербаян Мұхтаров Ұлттық ұланда қызмет ету кезінде түнгі екіде оянып, құлап, жарақат алған. Оның қазіргі жағдайы құлаудың салдары емес. Емделу кезінде сарбаз жұкпалы ауруға шалдыққан. Өкінішке қарай, емделу кезінде өкпесі пневмониямен, сондай-ақ қосымша ірің бөлінуімен гайморитпен ауырған. Дәрігерлер ота жасауды ұйғарған, отадан кейін сарбаз осындай күйге түсті», — деді Қайрат Үмбетов.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комага түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айткан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап калғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *