ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Түркістан төріндегі «Керуен сарай» кешенінде өткен «Кентау — шабытымның шырағы» атты гала-концертпен қорытындыланды.
Мерекелік шарада Кентау қаласының өнерпаздары және елімізге танымал өнер жұлдыздары концерттік бағдарлама ұсынды. Кентаулық би ұжымдары, талантты өнерпаздар мен елімізге танымал АқботаНұр Сейтмаханбет, Kayl Рух және тағы да өзге өнер жұлдыздары көңілді кештің көркін аша түсті. Бұдан бөлек, өңірден шыққан танымал композиторлардың әндерін жиылған қауым жанды дауыста караокемен бірге шырқады.
Айта кетейік, қатарынан екі күнге созылған шараның алғашқы күнінде Этноауылда қазақ халқының көне салт-дәстүрі дәріптеліп, қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылса, екінші күнінде ауыл шаруашылығы мен балалар жәрмеңкесі өтіп, ұлттық спорт ұлықталды.