
13 жылдан кейін жанданған Астанадағы барлық
LRT құрылысының тіректері орнатылды, деп хабарлайды «Derek.com.kz» ақпараттық сайты.
«Тіректердің құрылысы 100% аяқталды», — деді City
Transportation Systems.
2,5 мың адам 22 шақырымдық LRT пойыз жолына тірек болатын 799 тірек тұргызып біткені айтылды.
«Оларды толтыруға 53,7 мың текше метр бетон және 42
мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені 2-2,4 метр, үстіңгі бөлігі 6,8 метр, биіктігі трассаның рельефіне байланысты 5-тен 18 метрге дейін өзгереді, бір тіректің орташа салмағы 200 тоннаны құрайды», — делінген
хабарламада.
2020 жылы салынып бітуге тиіс болған құрылыс сыбайлас жемқорлық істеріне байланысты жоба тоқтап қалган. 2023 жылы Тоқаевтың
тапсырмасынан кейін құрылыс жандана бастады.
Жоспарға сәйкес, LRT 2026 жылы толықтай іске қосылады деп уәде етілген.