ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ КУРС БАСТАЛДЫ



МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ КУРС БАСТАЛДЫ

Бүгін мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған «Заман талабына сай мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырудың теориясы мен жаңа бағыттары» атты апталық курс басталды.

Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен сала мамандарының біліктілігін арттыруға арналған курсқа аудандық, қалалық және ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы қызметкерлері (режиссерлары) қатысып жатыр.

Шараның алғашқы күнінде «Мәдени тынығу жұмысындағы халық шығармашылығын дамытудың заманауи үрдістері» бойынша талқылануда. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушысы Ақмарал Сабекова курс қатысушыларымен танысып, тақырып аясында теориялық білімімен бөлісуде.

Айта кетейік, апталық курс 23-27 қыркүйек аралығында өтеді.