23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектебінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл туралы Оку-ағарту министрлігі ресми сайтында хабарлады.
Жиналыста ата-аналардың, бала өміріндегі сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады. Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы ұсынымдар беріледі. Онын ішінде, баланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, мектеп қабырғасындағы құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді. Бұдан бөлек, мамандар баламен тұрақты байланыс жасаудың ашық диалог үшін сенімді орта құрудың және ата-аналардың баласының өміріне ұдайы қатысуының маңыздылығына назар аударды.
«Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тис. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу — бұл проблемалардың алдын алуга көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауга және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты», — деді Оку-ағарту министрлігі, «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің төрагасы Насымжан Оспанова.