МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ КУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған «Заман талабына сай мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырудың теориясы мен жаңа бағыттары» атты апталық курстың соңғы дәрісі өтті.
Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен сала мамандарының біліктілігін арттыруға арналған курсқа аудандық, қалалық және ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы қызметкерлері (режиссерлары) қатысқан болатын.
Бүгін апталықтың қорытынды дәрісін Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының Бас режиссері Нұралы Абдуллаев «Мемлекеттік, қоғамдық мәдени іс-шаралардың қойылымдары және стилистикасы» тақырыбында өткізіп, қатысушылармен пікір алмасты.
Күн соңында кәсіби мамандардан білім жинап, біліктілігін арттырған барша курс қатысушыларына арнайы сертификат берілді.