Елімізде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ашылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды нығайтуда білім саласының маңызы зор екенін мәлімдеді. Ол институттың 80 жылдығына арналған конференцияда: «Бүгінде елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынас институтының филиалын ашу жоспарланып отыр», —деді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген еді.