ОРДАБАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КЕРУЕНІ ТҮРКІСТАНДА
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі жалғасуда. Бүгін Этноауыл алаңы ордабасылық өнерпаздардың думанды кешіне бөленді. Таңнан бері жалғасқан аталмыш шара алаңды ән,күй мен тербеп, спорттық ойын түрлерінен де сайыс өткізді.
Бұдан бөлек, «Темірлан» халық театры мен «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер театрының көше театрларының қойылымдары сомдалып, «Ордабасы тартулары» қазақтың ұлттық тағамдарынан дүйім жұрт дәм татып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар «Ордабасы ұлы – мұра» ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар көріністерін тамашалап, «Ордабасы – ұлы мекен» суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін халық аралап, ерекше бұйымдар назарларына ілікті, қызу жәрмеңке өтті.