Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілу мүмкін. Тиісті заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DEREK.COM.KZ
«Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 13-бабын Конституцияның 26-бабының 4-тармағы мен 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп таныды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға қатысты шектеулер олардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі құқықтарын бұзатынын анықтады.
Осыған байланысты заң жобасында мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын лауазымды тұлғалар тобы нақтыланады. Енді бұл шектеулер облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды», — делінген ведомство хабарламасында.
Егер бұл олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергiлік танытса, қызметтiк мүлiктi пайдалануға әкеліп мүдделер қақтығысын тудырса кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ екені айтылды.