АЭС САЛУ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ



Қазақстанда Атом электр станциясын салу бойынша Exit poll қорытындысы жарияланды.

«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметі бойынша, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 69,8 пайызы АЭС құрылысы жобасын қолдаған. Оған респонденттердің 30,2 пайызы қарсы болған.

Сауалнама республика бойынша 189 сайлау учаскесінде жүргізілді. Барлығы 283 мың 519 азамат қамтылды.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген үшінші Еxit poll нәтижесі жарияланды.

Оның қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың 71,8 пайызы елде атом электр станциясын салуды қолдаған. Ал сайлаушылардың 28,2 пайызы бұл жобаға қарсы дауыс берген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *