АНГЕЛИНА ЛУКАС БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ



Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

Ангелина Лукас Бангкок қаласында өткен бокс кешінде спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды.

Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *