Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше Қарағанды облысында дала өртін сөндіру барысында 33 жастағы азамат қаза тапты. Оқиға 6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде болған. Өртті сөндіру барысында төрт адам зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Төрт науқастың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. Өрттің алдын-алған ауданы 3000 гектардан асқан. Бұл шамамен 4200 футбол алаңына тең.
«33 жастағы 24-ӨСБ аға өрт сөндіруші Хайрат Хали қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты. Өлім жағдайлары нақтылануда. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары көз жұмған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстанның екі облысында 3 мың гектар аумақта алапат өрт болғанын хабарлаған едік.