ҚАЗАҚСТАНДА 2027 ЖЫЛЫ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ



Қазақстанда 2027 жылы Дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Бұл жайлы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз парақшасында бөлісті:

«2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді.

Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік.
Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін»,- деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *