ЕНДІ ЛЕГИОНЕР СПОРТШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БЮДЖЕТІНЕН ҚАРЖЫЛАНБАЙДЫ



Елімізде өзге елден келген легионерлер спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынатын болады, деп хабарлайды “Derek.com.kz” ақпараттық сайты.

Енді кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасына сәйкес кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Министрліктің берген мәліметіне сәйкес, бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар, заң жобасында өзге де өзгеріс бар. ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді деп күтілуде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *