ҮКІМЕТ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ТАҒЫ 2 ТРЛН ТЕҢГЕ АЛМАҚ



Үкімет Ұлттық қордан тағы 2 трлн теңге алмақшы

Мәжіліс депутаттары 2024 жылға арналған кірістер болжамын нақтылайтын заң жобасын жұмысқа алды.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, жоба екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді.

“Біріншіден, 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмендеген. Бұл ретте мақсатты трансферт түрiнде Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге тарту жоспарлануда, – деді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева.


Сөзінше, республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері Үкіметтің 2023 жылға арналған бюджет қалдықтарын пайдалана отырып, 61,3 млрд теңге сомасында жүргізген бюджеттік түзетулерін ескере отырып өзгертілген.

“Осылайша, республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 млрд теңгеге ұлғая отырып болжанады. Биылға тапшылық 3,6 трлн теңге, сондай-ақ 61,3 млрд теңгеге ұлғаяды”, — деп түсіндірді Татьяна Савельева.


Депутаттар құжатты жұмысқа қабылдап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *