ШЫМКЕНТТЕ ГРАНАТА ЖАРЫЛЫП ЕКІ КУРСАНТ ЖАРАҚАТ АЛДЫ



Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, бірнеше курсант жарақат алды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында полицейлер оқу-жаттығу өткізіп жатқаны, оның барысында “күтпеген жерден шулы граната лақтырғаны” туралы ақпарат пайда болған. Бес адамның жараланғаны хабарланған еді.

“Бұл факті жоспарлы оқу-жаттығу шаралары кезінде орын алған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар екі курсанттың әлі ауруханада жатқаны белгілі болды.

“Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты”, – делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *