17 ЖАСТАҒЫ КАРАТЭШІ ЕЛНҰР ДАУЫЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ



Астаналық спортшы Елнұр Дауылбай каратэден әлем чемпионы атанды.

17 жастағы Елнұр Дауылбай Жапония астанасы Токиода өткен киокушинкай каратэден әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Спортшының даярлық процесін Қазақстан киокушинкай KWF федерациясының жаттықтырушысы Дархан Рахимжанов қадағалап, спортшыны жаңа деңгейге көтерді.

Спорттағы 10 жылдың өзінде Елнұр 32 алтын медаль, 22 күміс, 28 қола және 26 кубок жеңіп алып үлгерді. Ал ең маңызды жетістігі — 16 жастан асқанда каратэден спорт шебері атағын алуы. Сондай-ақ ол Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Еуропа чемпионы (65 кг салмақ дәрежесінде). Жыл сайын Елнұр Германия, Нидерланд, Ресей, Түркия және Жапония сияқты елдерде өтетін жарыстарға қатысып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *