2025 жылы АЭС-ті қай ел салатыны белгілі болады. Мұны Мәжіліс кулуарында энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты.
⠀
«Өздеріңіз білесіздер, биыл референдум өткізіп, АЭС салу бойынша шешім қабылдадық. Кім салатынын 2025 жылы мемлекеттік комиссия отырысында шешеміз. Қазір төрт мемлекет ниет танытқан. Біздің ережеміз бойынша мемлекеттік комиссия шешеді», — деді ол.