ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН DIAFA МАРАПАТЫН ИЕЛЕНДІ



Алтын дауыс иесі атанған Димаш Құдайберген DIAFA марапатын иеленді. Бұл қуанышты жаңалығын Димаш Құдайберген Instagram-дағы өз парақшасында жария етті. Қазақстаның Халық әртісі өнерге қосқан үлесі үшін Дубайда ерекше марапатқа ие болған. Марапатты табыстау салтанаты Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.

Өз парақшасында Димаш «Құрметті DIAFA өнерге қосқан үлесім үшін берілген марапатқа алғыс айтамын. Рақмет, Дубай», — деп жазды.

«Халықаралық араб фестивалінің беделді премиясы (DIAFA)» — бұл Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай қаласында жыл сайын өтетін марапаттау салтанаты. Оның барысында әлеуметтік жағдайды жақсарту мен қоғамның дамуына үлес қосқан халықаралық және араб қайраткерлері марапатталады. DIAFA-ның алғашқы марапаттау салтанаты 2017 жылы өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *