ЖАҢА ЕКІ МЫҢ ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТТАР АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАДЫ



Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылдың 25 желтоқсанынан бастап жаңа дизайндағы 2000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады.

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл – «Сақ стилі» сериясындағы үшінші банкнот.

«Ол дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастауына айналған «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпелі мәдениеттен қазіргі заманғы Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді», – деп атап өтті Ұлттық банк.

Аталған банкноттар жаппай айналымға 2025 жылдың екінші тоқсанында түседі. Себебі оларды елдің барлық өңірлеріне жеткізу және банкоматтар, терминалдар, кассалық техникаға бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *