КӨКШЕТАУДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ӨРТЕНДІ



Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми кітапханада өрт шықты, деп хабарлайды “Дерек.com.kz” ақпараттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Аталған кітапханаға таяуда ғана 500 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 10 шаршы метр аумақты қамтыған. Бірінші қабатта кітап сөресі тұтанып, өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнына барған ҚазТАГ редакциясы ақпарат таратты.

Өртке оранған ғимараттан кітаптар көшеге шығарылған. Фойеде де отқа зақымданған кітаптардың үйінділері жатыр. Өрттің салдарынан ғимараттың ішкі бөлігі қатты бүлінген, алдағы қалпына келтіру жұмыстарына қосымша қаражат қажет болуы мүмкін.

Сонымен бірге, «Мемлекеттік сатып алу» порталындағы мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы кітапхана басшылығы ғимаратты жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қосымша тендер өткізген. Тендерді «KAZ СТРОЙ PLAST» ЖШС жеңіп алған, бұл жұмыстардың құны ҚҚС-ты қоса есептегенде 98,2 миллион теңгені құрады. Осылайша, кітапхананың күрделі жөндеуіне жалпы 500 миллион теңге жұмсалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *