Премьер-министр жұмысшы мамандарды қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды жариялап, халыққа жағымды жаңалық жеткізді. Олжас Бектеновтың айтуынша, енді жұмысшы кадрлар үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады.
«Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрліктеріне, сондай-ақ кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселесін қарастыруды тапсырдым. Бұл – олардың әлеуметтік қолдауын күшейтіп, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам», – деді.