Қытайда жаңа вирус тарап жатыр
Бұл жайлы бірқатар әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Олардың ақпараты бойынша Метапневмовирус деп аталатын дерт ковидке қатты ұқсас. Вирус ең алдымен адамның өкпесін зақымдайды екен. Сонымен қатар науқастың тамағы ауырып, басы айналады. Euronews-тің хабарлауынша, қазір Қытайда осындай ауру белгілері бар науқастар саны көбейіп, ауруханалар адамға лық толған. Әсіресе елдің солтүстігінде. Қытай билігі жаңа вирусқа қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.