2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап БАӘ-де некеге тұру алдында генетикалық тест тапсыру міндеттелді. Бұл шешім генетикалық аурулардың кең таралуына байланысты қабылданған. Бұрын генетикалық тест ерікті болса, енді барлық азаматтарға міндетті. Тест 570-тен астам генетикалық мутацияны анықтауға мүмкіндік береді. Әдіс болашақ ата-аналарға денсаулық жағдайын ескеріп, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.