
Мыңжасар отбасында үлкен қуаныш!
Келес ауданы, Абай ауылының 33 жасар тұрғыны Гүлназ Мыңжасар үшем туып 10 баланың анасы атанды. 7 қыздан кейін дүние есігін ашқан нәрестелерге отбасы өте керемет есім берген. Қасым, Жомарт және Кемел бүгін үйіне жіберілді. Қазақтың әр отбасында осындай қуаныш көп болғай!