
Жаңа инновациялық жобалар таныстырылды
✅Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен білім саласына бағытталған бұл жобаның ауқымы кең.
✅Іс-шара барысында әр аудандық білім бөлім басшылары жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарын қорғады. 17 аудан 17 түрлі инновациялық жобаларын таныстырды.
✅Балалардың мультимедиялық форматта білімін жетілдіретін заман талабына сай жаңашылдықтар менеджменттік қабілетті арттырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне серпін бермек. Осы арқылы балалардың да сабаққа деген зейіні артады.
✅Өңірдегі білім беру ұйымдарында «Е-асхана», «Е-Кітапхана», «BilimLand» , «Face ID» сынды автоматтандырылған жүйелер пилоттық тұрғыда тексеруден өтіп, оңтайлы нәтижесін берді.
✅Жәрмеңкеге «Алақан» жобасы, «Tolem», «MATATALAB» роботы, «IoT board», Codroneробототехникалық құралдары көрсетіліп, түрлі басылымдар мен логикалық Intellectum вертуалды ойындар сынды жаңа технологиялар ұсынылды.
Шаметова Тұрсынай